Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандықтар Пара Азия ойындарында ядро лақтырудан екі медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Қазақстандықтар Пара Азия ойындарында ядро лақтырудан екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Дастан Мұқашбеков пен Иван Зелезняк Азия Пара ойындарында жеңіл атлетикадан күміс және қола медаль иеленді.

Ерлер арасында F36 санатында ядро лақтырудан өткен финалда Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтижесімен екінші орын алды. Ал Иван Зелезняк ядроны 12,71 метрге лақтырып, қола жүлдегер атанды.

Бұл сайыста Өзбекстан өкілі Баротжон Бахтиёров 15,98 метр нәтижесімен жеңіске жетті. Оның көрсеткіші 2023 жылы Мұқашбеков орнатқан Азия Пара ойындарының рекордынан асып түсті.

Айта кетейік, Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен алдыңғы Пара ойындарында да екі қазақстандық осы сайыста жүлдеге ие болған. Сол кезде Дастан Мұқашбеков 15,74 метр нәтижесімен алтын медаль жеңіп алса, Иван Зелезняк ядроны 12,39 метрге лақтырып, қола жүлдегер атанған еді.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия Пара ойындары Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтуде. Жарыстар Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылған.

Қазақстандықтар Пара Азия ойындарында ядро лақтырудан екі медаль жеңіп алды – sport-hub