Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарында жеңіске жетті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Қазақстанның әйелдер құрамасынан екі жұп Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жағажай волейболынан топтық кезеңдегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

F тобында Кристина Каримова мен Екатерина Рюхова Катар құрамасының өкілдерін 2:0 (21:7, 21:6) есебімен жеңді. Қазақстандықтар екі партияда қарсыластарына бар болғаны 13 ұпай алуға мүмкіндік берді.

Ал Мерей Қожахмет пен Лаура Қабулбекова одан да ірі есеппен жеңіске жетті. E тобындағы алғашқы матчта олар Бангладеш жұбын 2:0 (21:6, 21:2) есебімен ұтты.

Қазақстандық екі жұп та келесі кездесуін 25 қыркүйекте өткізеді. Каримова мен Рюхова Жапония өкілдері Сакура Ито және Маю СаваМэмен кездеседі. Жапониялық жұп осы маусымда Жаңа Зеландияның Маунт-Маунгануи қаласында өткен Beach Pro Tour Futures кезеңінде қола жүлде жеңіп алған.