Қазақстандық жағажай волейболшылары Азия ойындарының алғашқы матчында жапон жұбына есе жіберді

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстандық Мохаммад Абдулмаджид пен Дмитрий Яковлев Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысты бастады.
Жағажай волейболынан топтық кезеңдегі алғашқы матчта қазақстандықтар Жапония өкілдері Дзюнтаро Тачия мен Юсукэ Исидзимамен кездесті.
Ойын жапон жұбының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Абдулмаджид пен Яковлев G тобында өнер көрсетеді. Топтық кезең аясында қазақстандық спортшыларды тағы бірнеше кездесу күтіп тұр.
Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы қоржынында алты медаль бар. Шосселік велоспорттан Ринат Сұлтанов пен Алексей Луценко, каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева алтын медаль жеңіп алды. Триатлоннан Арлан Жанабай және қазіргі бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды.
XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 4 қазанға дейін жалғасады.