Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық жасөспірімдер Азияның үздік үш паделшісінің қатарына енді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: FIP

Фото: FIP

Қазақстандық спортшылар Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин Халықаралық падел федерациясының (FIP) 16 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

Жаңартылған FIP Promises рейтингіне сәйкес, қос спортшы да 1485 ұпай жинап, үшінші орынды бөлісті. Олар алдыңғы рейтингпен салыстырғанда үш сатыға жоғарылап, алтыншы орыннан үздік үштікке енді.

Қазақстандықтардың рейтингтегі көрсеткіші 16–18 қазан аралығында Алматыда өткен FIP Promises Almaty халықаралық турнирінен кейін жақсарды. Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жұптық сында жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, қазақстандық жұп бұған дейін де халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсеткен. Мамыр айында Тбилисиде өткен FIP Promises турнирінде 16 және 18 жасқа дейінгі санаттарда топ жарса, шілдеде Джакартадағы жарыста осы жетістігін қайталады. Ал тамызда Балиде өткен турнирде 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында чемпион атанды.