Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатында рекорд жаңартып, финалға шықты

Aibar Rysdaulet··
Фото: НОК

Фото: НОК

Қазақстан құрамасының жеңіл атлеті Максим Сажнев Юджинде өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында финалға шықты.

Іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 61.37 метр нәтижені көрсетіп, ел рекордын жаңартты. Бұл көрсеткіш U20 жас санатындағы Қазақстан тарихындағы ең үздік нәтиже ретінде тіркелді.

Осы нәтижемен Сажнев іріктеу қорытындысында алтыншы орын алып, финалға сенімді түрде жолдама алды. Ол әлемдік біріншіліктің шешуші кезеңінде жүлде үшін таласады.

Диск лақтырудағы финалдық сайыс 9 тамыз күні өтеді. Максим Сажнев осы кезеңде Қазақстанға медаль әперуге тырысады.