Қазақстанның бірінші ракеткасы Монтеррейдегі турнирдің ширек финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстанның бірінші ракеткасы әрі WTA жұптық рейтингінде алтыншы орында тұрған Анна Данилина жапониялық Мию Като жұбымен бірге Монтеррейде өтіп жатқан WTA-500 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық және жапониялық теннисшілер бірінші айналымда қытайлық Тан Цяньхуэй мен мексикалық Рената Сарасуамен кездесті. Данилина мен Като алғашқы партияда жеңіліп қалғанымен, матч барысын өзгертіп, 4:6, 6:2, 10:6 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Жеңімпаздар бір эйс жасап, бес рет қосарланған қателік жіберді және брейк-пойнттардың төртеуін пайдаланды. Ал Тан мен Сарасуа екі рет эйс орындап, бір қосарланған қателікке жол берді және қарсыластарының алты брейк-пойнтының үшеуін қайтарды.

Жартылай финалға шығу үшін Данилина мен Като Мария Козырева және Майя Ламсден жұбымен кездеседі. Олар турнирді Тереза Михаликова мен Оливия Николлсты 7:5, 6:3 есебімен жеңуден бастады.