Қазақстанның гандбол құрамасы Италиядағы әлем кубогының жеңімпазы атанды

Пахита Амири··
ҚР гандбол федерациясының баспасөз қызметі

ҚР гандбол федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстанның ерлер арасындағы гандбол құрамасы Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup 2026 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, Польшаны (29:14), Бельгияны (28:21), Оңтүстік Африка Республикасын (27:11), Италияны (24:11) және Ливияны (20:17) ұтты.

Жартылай финалда қазақстандық гандболшылар тағы да Италия құрамасымен кездесіп, 23:13 есебімен жеңіске жетті. Ал финалда Ливияны 28:23 есебімен тізе бүктіріп, Interamnia World Cup 2026 турнирінің чемпионы атанды.

Айта кетейік, халықаралық гандбол турнирі 9–15 шілде аралығында Италияның Терамо провинциясында өтті.