Қазақстандықтар Франциядағы жартасқа өрмелеу бойынша Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті
Бөлісу

ҰОК
Қазақстандық спортшылар Францияның Шамони қаласында өткен спорттық жартасқа өрмелеу бойынша Әлем кубогының кезеңіндегі жарысты аяқтады.
Қазақстандық спортшылар арасындағы ең үздік нәтиже Дамир Тоқтаровқа тиесілі болып, 13-орынға ие болды. Ришат Хайбуллин 14-орынға тұрақтады, Әмір Маймұратов 26-орын алды, Рашид Хайбуллин жарысты 35-орынмен аяқтады, ал Әлішер Мұрат 50-орынға жайғасты.
Әйелдер арасында Тамара Ұлжабаева 35-орынға ие болды, Анна Баларшина 42-орын алды, ал Арина Новицкая 50-орынмен жарысты аяқтады.
Айта кетейік, спорттық жартасқа өрмелеу бойынша Әлем кубогының кезеңі 10–12 шілде аралығында Шамони қаласында өтті.