Құзға өрмелеуден Қазақстан командасы Испаниядағы турнирге арналған құрамын жариялады
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның спорттық құзға өрмелеу құрамасы 28-31 мамыр аралығында Алькобендас қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады.
Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» дисциплинасында өнер көрсетеді.
Ерлер құрамасына Әлішер Мұрат, Дамир Тоқтаров және Әмір Маймұратов енді. Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстан намысын Анна Баларшина, Тамара Ұлжабаева және Арина Новицкая қорғайды.
Айта кетейік, бұған дейін құзға өрмелеуден Қазақстан Чемпионаты өткен еді. Біріншілік қорытындысы бойынша Әлішер Мұрат пен Анна Баларшина ел үздігі атанды.