Қазақстандық құзға өрмелеушілер Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Алькобендас қаласында өткен спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңіне қатысты. Жарыста спортшылар «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынады.

Ерлер арасында ең үздік нәтижені Әмір Маймұратов көрсетті. Қазақстандық спортшы 1/8 финалға дейін жетіп, қорытынды есепте 13-орынға тұрақтады.

Дамир Тоқтаров та ширек финалға шығу мүмкіндігін сақтаған еді, алайда жарыс жолына шықпай, турнирді 16-орында аяқтады. Әлішер Мұрат 33-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасында Тамара Ұлжабаева 22-ші нәтиже көрсетті. Анна Баларшина 27-орынды иеленсе, Арина Новицкая жарысты 36-орында аяқтады.