Қазақстанның U-17 қыздар құрамасы Еуро-2026/27 іріктеуіндегі қарсыластарын білді
Бөлісу

Фото: ҚФФ
Қазақстанның 17 жасқа дейінгі әйелдер құрамасы Еуро-2026/27 чемпионатының іріктеуінің бірінші кезеңіндегі қарсыластарын білді.
Турнирдің жеребесі Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Қазақстанның WU-17 құрамасы элиталық дивизионның үшінші тобына түсті. Келесі кезеңге шығу үшін команда Германия, Чехия және Исландия құрамаларына қарсы матчтар өткізеді.
Турнирдің нақты күндері мен өтетін орны кейінірек жарияланады. Барлығы Лига А-да 28 құрама өнер көрсетеді, олар төрт командадан тұратын жеті топқа бөлінген. Іріктеу матчтары бір алаңда өтетін шағын-турнир форматында ұйымдастырылады.
Өз топтарында соңғы орын алған құрамалар көктемде Лига В-ға түсіп, Еуро-2026/27 іріктеуінің екінші кезеңінде жарысты жалғастырады.