Қазақстанның жас теннисшілері Өзбекстандағы турнирді екі жеңіспен бастады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

12 жасқа дейінгі Қазақстан теннис құрамасы ITF Asia 12&U Regional Qualifying Event of Central Asia аймақтық іріктеу турниріндегі алғашқы екі матчында жеңіске жетті.

Жарыс Ферғана қаласында өтіп жатыр. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан құрамалары қатысуда. Қазақстан құрамасы ұлдар мен қыздар арасындағы бәсекеде жарысқа бірінші нөмірлі болып тіркелді.

Алғашқы екі турда қазақстандықтар Тәжікстан және Қырғызстан құрамаларын сенімді түрде жеңді. Екі кездесу де 3:0 есебімен аяқталды. Келесі матчта Қазақстандық теннисшілер Түрікменстан құрамасына қарсы ойнайды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік екі команда күзде Сингапурда өтетін ITF Asia 12&U Team Competition Final командалық Азия чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.