ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Владимир Жарков ··
«Тобыл» ФК

«Тобыл» ФК

SPORTHUB Қазақстан Премьер-лигасы командалары арасындағы чемпионаттың алдағы демалыс күндері өтетін кезекті турына анонс ұсынады.

Бастапқыда жоспарланған сегіз матчтың орнына жеті ойын өтеді – алматылықтардың Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты «Қайрат» пен елордалық «Жеңіс» арасындағы кездесу кейінгі мерзімге ауыстырылды.

8 тамыз

«Алтай» (Өскемен) – «Қызылжар» (Петропавл)

Стадион: «Восток» (Өскемен қ.), 17:00

Чемпионаттағы қатарынан үш жеңіліс «Алтайды» ҚПЛ турнирлік кестесінің ең соңғы орнына түсірді. Түпке біржола батып кетпеу үшін өскемендік клуб «Қызылжарды» жеңуі қажет. Айта кетейік, петропавлдық команда да жуырда ғана төменгі аймақта жүрген болатын.

Алайда солтүстік команда соңғы уақытта қарқын алып келеді. Соңғы үш турда жинаған жеті ұпай олардың алғашқы ондыққа көтерілуіне мүмкіндік берді.

Дегенмен Өскеменде ешкімге оңай болмайды. Оның үстіне, жоғары дивизиондағы алғашқы жеңісін шығысқазақстандық клуб дәл осы «Қызылжарға» қарсы матчта, Петропавлда 17 мамыр күні тіркеген еді. Яғни «Алтай» бұл қарсыласын қалай жеңу керектігін жақсы біледі.

Қалай болғанда да, бізді 21-турдың қарқынын айқындайтын тартысты кездесу күтіп тұр.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

«Жетісу» (Талдықорған) – «Ордабасы» (Шымкент)

Стадион: «Жетісу» (Талдықорған қ.), 18:00

Чемпионат көшбасшысы үшін арақашықтықты ұлғайтуға жақсы мүмкіндік бар, өйткені «Қайрат» пен «Жеңіс» арасындағы матч кейінірек өтеді.

Ал «Ордабасыға» бес тур қатарынан жеңіске жете алмай, небәрі бір ұпай ғана жинаған дағдарыстағы «Жетісумен» ойнау керек. Егер талдықорғандықтар бұл матчта да жеңілсе, олар тіпті төменгі аймаққа түсіп кету қаупіне тап болады.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Қарсылас командалардың соңғы уақыттағы өзара кездесулеріндегі статистиканы ескерсек, «Жетісу» «Ордабасы» үшін өте ыңғайлы қарсылас деген қорытынды жасауға болады.

Соңғы он кездесудің сегізінде жетісулықтар шымкенттік клубқа жол беріп, тек бір рет жеңіске жетсе, бір ойында тең түскен. Оның үстіне, «Ордабасы» биылғы маусымда «Жетісуды» екі рет жеңді – ҚПЛ бірінші айналымында және Қазақстан Кубогының ширек финалында.

«Каспий» (Ақтау) – «Ұлытау» (Жезқазған)

Стадион: «Қайсар Арена» (Қызылорда қ.), 20:00

Сенбі күнгі ойындар бағдарламасын Қызылордадағы матч қорытындылайды. Бұл жолы «Каспий» шартты түрде өз алаңында «Ұлытауды» қабылдайды.

Екі команда да турнирлік кестенің ортасында орналасқанымен, соңғы нәтижелері алаңдатарлық. Жезқазғандықтар Премьер-лиганың соңғы жеті турында небәрі төрт ұпай ғана жинаған.

Ал ақтаулықтар шілде айын тамаша өткізіп (төрт матчта 10 ұпай), тамыз басталғалы тосыннан бәсеңдеді – бір апта бұрын олар Павлодарда «Ертіске» 2:3 есебімен жеңіліп қалды, матч барысында есепте алда тұрғанына қарамастан.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Жалпы, бұл командалардың өзара кездесуі маусымның қалған бөлігінде «Каспий» мен «Ұлытаудың» амбициясы қаншалықты жоғары екенін айқындап береді.

Айта кетейік, бұл қарсыластардың өзара статистикасы тең: үш матчта әрқайсысы бір реттен жеңіске жетіп, бір ойын тең аяқталған. Доп айырмасы да бірдей – 3:3.

9 тамыз

«Астана» (Астана) – «Оқжетпес» (Көкшетау)

Стадион: «Астана Арена» (Астана қ.), 18:00

Бұл кездесу чемпионаттағы аралық «қола» үшін тікелей тартыс болмақ. Қазіргі таңда «Астана» «Оқжетпестен» екі ұпайға алда тұр. Алайда қонақтар жеңіске жетсе, турнирлік кестеде елордалық ұжымды басып озып, үшінші орынға көтеріледі.

Дегенмен, астаналықтар жеңілген жағдайда да жоғалтқан ұпай саны бойынша қарсыласынан алда болады, өйткені олар бір ойын кем өткізген. Оның үстіне, «Оқжетпеске» сырт алаңда «Астанаға» қарсы тіпті тең нәтиженің өзін алу өте қиын, бұл команда елордада сәтсіз ойнап келеді.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Соңғы екі үйдегі кездесуде жеті дүркін ел чемпионы «көкшетаулықтарды» бірдей 5:2 есебімен жеңген. Ал былтырғы матч әлі күнге дейін жанкүйерлер жадында қалып, түрлі сұрақтар туындатады.

Алайда биыл «Оқжетпес» 14 жылдан кейін алғаш рет «Астананы» жеңе алды – ҚПЛ-2026 бірінші айналымындағы ойын 1:0 есебімен көкшетаулықтардың пайдасына аяқталған.

«Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда)

Стадион: «Орталық» (Қостанай қ.), 18:00

Бейсенбіден жұмаға қараған түні ғана «Тобыл» Белградта Конференция лигасының іріктеу кезеңінде «Партизанмен» ойнап, кейін ауыр жолмен елге оралды. Жалпы алғанда, қостанайлықтар 18 күн ішінде алтыншы матчтарын өткізгелі отыр, әрі олардың бірде-бір ойыны кейінге шегерілген жоқ.

Ал «Қайсар», керісінше, «сары-жасылдарға» қарсы матч алдында жеткілікті демалып үлгерді. «Дала қасқырлары» соңғы ойынын 29 шілдеде Қазақстан Кубогының жартылай финалында «Жеңіске» қарсы өткізген болатын.

Сондықтан бір жағынан қызылордалықтардың физикалық тұрғыда артықшылығы байқалуы мүмкін, ал екінші жағынан қостанайлықтар тұрақты ойын ырғағында келеді.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Бұл командалардың өзара статистикасы да айқын фаворитті анықтауға мүмкіндік бермейді. Жалпы көрсеткіш бойынша «Тобыл» аздаған басымдыққа ие: 15 жеңіс, 12 жеңіліс және 13 тең ойын.

Алайда соңғы жылдары «Қайсар» сәл сәттірек өнер көрсетіп жүр. Соңғы үш жылда «дала қасқырлары» «комбайншылардан» тек бір рет жеңіліп, бір рет тең түсіп, бес кездесуде жеңіске жетті. Оның ішінде ҚПЛ-2026 бірінші айналымындағы матч та бар.

«Елімай» (Семей) – «Ертіс» (Павлодар)

Стадион: «Спартак» (Семей қ.), 19:00

«Елімай» турнирлік кестеде «Ертістен» тоғыз орын және 11 ұпай алда тұр. Алайда бірнеше тур бұрын бұл айырмашылық әлдеқайда үлкен болған. Соңғы үш матчта семейліктер небәрі екі ұпай жинаса, павлодарлықтар қатарынан екі жеңіске жетіп, соңғы орыннан көтерілді.

Андрей Карпович жаттықтыратын командада кадрлық мәселелер бар: Рамазан Оразов пен Евгений Берёзкин ауыр жарақаттарына байланысты маусым соңына дейін қатардан шықты. Ал Роман Мұртазаев пен Алмас Төлебай «Қайсар» мен «Жеңіске» қарсы матчтарда қызыл қағаз алып, бұл ойында да алаңға шыға алмайды.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Дегенмен «Елімайдың» басты артықшылығы – өз алаңындағы ойындарда «Спартак» стадионының үнемі лық толуы. Бұл жанкүйерлер қолдауы алаң иелеріне үлкен серпін беретіні сөзсіз.

Айта кетейік, осы командалардың бірінші айналымдағы кездесуі мамыр айында «Астана Аренада» өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталған. Бұл – Семей мен Павлодарда үлкен футбол қайта жанданғаннан кейінгі «Елімай» мен «Ертіс» арасындағы жалғыз матч. Ал шамамен 30 жыл бұрын Ертіс маңы дербиі Қазақстан футболындағы басты оқиғалардың бірі болған еді.

«Атырау» (Атырау) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)

Стадион: «Түркістан Арена» (Түркістан қ.), 20:00

Тур Түркістандағы матчпен қорытындыланады. Бұл маусымда «Атырау» өз қарсыластарын дәл осы стадионда қабылдап жүр. «Мұнайшылардың» қарсыласы – өте мықты әрі олар үшін ыңғайсыз команда «Ақтөбе».

Атыраулықтар актөбеліктерді соңғы рет 2018 жылдың қарашасында жеңген. Содан бері сегіз жылға жуық уақыт өтті. Дегенмен соңғы он кездесудің алтауы тең аяқталған, ал сондай матчтардың бірі 2023 жылғы Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «ақ-жасылдарға» пенальти сериясында жеңіс әкелген.

ҚПЛ 21-туры: «Тоболдың» марафоны және Ертіс бойындағы дерби

Айта кетерлігі, екі командада да жуырда бапкерлік өзгерістер болды. Игорь Черевченко «қызыл-ақтардың» тізгінін ұстап, өткен турда «Қызылжарға» қарсы ойында дебют жасады, бірақ 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Ал Владимир Чебуриннің орнына келген Самат Смақов үшін «Атыраудағы» алғашқы матчтың нәтижесі алдағы ойында белгілі болады.