ҚПЛ-дегі жазғы трансферлік кезеңнің жаңа мерзімі белгілі болды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚФФ

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясы ҚПЛ клубтары үшін жазғы тіркеу кезеңінің жаңа мерзімдерін бекітті.

«2026 жылы трансферлік терезе 10 маусымда ашылып, 16 шілдеде жабылады.

Бұған дейін жаңа ойыншыларды тіркеу тек шілде айында басталатын.

Кестенің маусым айының басына ауыстырылуы еурокубоктарда ел намысын қорғайтын Қазақстан клубтарның мүддесі үшін жүзеге асырылды. Трансферлік терезенің ертерек ашылуы клубтарға халықаралық матчтар басталғанға дейін жаңа футболшыларды тіркеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл шешім чемпионаттағы көптеген командаларда жарақат алған ойыншылар санының көбеюіне және маусым ортасында құрамды жедел күшейту қажеттілігіне байланысты қабылданды», — деп хабарлайды ASnews.kz.

Айта кетейік, Қазақстанда трансферлік терезе мерзімдерінің өзгеруі бұған дейін де орын алған. ҚФФ күнтізбеге немесе форс-мажорлық жағдайларға байланысты мерзімдерді кезең-кезеңімен түзетіп отырады.

Атап айтқанда, 2020 жылғы пандемия кезінде чемпионаттың тоқтатылуына байланысты жазғы трансферлік терезе кейінге шегеріліп, клубтарға турнир қайта басталғанға дейін ойыншыларды тіркеуге мүмкіндік берілген еді.

Сондай-ақ бұған дейін де трансферлік кезең мерзімдерін еурокубоктік іріктеу раундтарының басталуына сәйкестендіру әрекеттері жасалған болатын.

ҚПЛ-дегі жазғы трансферлік кезеңнің жаңа мерзімі белгілі болды – sport-hub