Басты бет
·
Футбол

Қытай Мбаппенің Мао Цзэдун туралы әзілінен кейін мәлімдеме жасады

Бекарыс Әлімхан··
«Реал Мадрид» ФК

«Реал Мадрид» ФК

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякунь мадридтік «Реалдың» француз шабуылшысы Килиан Мбаппеге қатысты дау туралы пікір білдірді. Оған футболшының интернет-мем туралы айтқан сөзі себеп болған.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі журналистермен кездесуде ел азаматтарының ұлттық сезіміне тиетін сөздер қоғамның теріс реакциясын тудыратынын атап өтті.

«Қытай халқының сезіміне тиетін сөздер мен әрекеттер қоғамның барлық топтарының бірауыздан қарсылығын туғызатыны заңды», – деп Го Цзякуньнің сөзін RMC Sport басылымы келтірді.

Даудың туындауына әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба себеп болды. Онда Мбаппе өзіне қатысты ең күлкілі мем туралы айтып, бет-бейнесі Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдунның суретіне қойылған бейнені атаған.

Бейнежазба тарағаннан кейін Қытайдың Dongpeng, Mengniu және Milkground компаниялары футболшымен ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді. Бренд өкілдері ұлттық сезімге нұқсан келтіруі мүмкін сөздер мен әрекеттерге жол берілмейтінін айтты.

Бұл жағдай Қытайдың әлеуметтік желілерінде кеңінен талқыланды. Мбаппемен демеушілік келісімдердің тоқтатылғаны туралы хабарламалар платформалардағы ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды.