«Қызылжар» шабуылшысы Германияда тізесіне ота жасатты
Бөлісу

«Қызылжар» ФК
Қазақстандық футболшы, «Қызылжар» шабуылшысы Аслан Адиль Мюнхен қаласында тізесіне сәтті ота жасатты.
Петропавлдық клуб 28 жастағы футболшының отадан өткенін Instagram парақшасында хабарлап, оның Германиядан түскен суретін жариялады. Адильдің қанша уақыт емделетіні және алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз.
Қазақстан Премьер-лигасының биылғы маусымында шабуылшы 16 матч өткізіп, бір гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Адиль соңғы рет 4 шілдеде «Елімайға» қарсы кездесуде (0:1) алаңға шықты.
23 матчтан кейін «Қызылжар» 23 ұпай жинап, КПЛ турнир кестесінде 11-орында тұр. Петропавлдық клубты турнир кестесінде төмендеу аймақта орналасқан «Атыраудан» үш ұпай бөліп тұр. Келесі турда командалар өзара кездеседі.