«Реал» Холанд үшін күресте басымдыққа ие болды

«Манчестер Сити» ФК
Мадридтік «Реалдың» «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандты трансферлеуге қаржылық мүмкіндігі «Барселонаға» қарағанда жоғары.
El Nacional басылымының мәліметінше, Испанияның қос клубы да норвегиялық футболшыны 2027 жылы қатарға қосуды қарастырып отыр. «Реалдың» қаржылық құрылымы мұндай ауқымды келісімді бюджетке айтарлықтай өзгеріс енгізбей жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал «Барселонаға» жалақы қорынан қосымша орын босатып, Ла Лиганың қаржылық бақылау талаптарын орындау қажет.
Холандтың «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2034 жылдың жазына дейін жарамды. Ағымдағы маусымда «қалалықтар» АПЛ-дің бес турынан кейін 15 ұпаймен бірінші орында келеді. Команда қатарынан бес жеңіске жетіп, «Арсеналдан» үш ұпайға озып тұр.
Айта кетейік, Холандтың болашағы «Манчестер Ситиге» қатысты қаржылық тергеу аясында да талқыланып жатыр. Клуб Премьер-лига ережелерін бұзды деген іс бойынша тәуелсіз комиссияның шешіміне шағым түсірді. Ал ықтимал санкциялар мәселесі әзірге ашық күйінде қалып отыр.