Ресейде баскетбол командасы мінген автобус жол апатына түсті
Бөлісу

Фото: Челябі облыстық РФ Тергеу комитеті.
Пермь қаласының «Бионорд Про» баскетбол командасы мінген автобус Челябі облысында жол апатына ұшырады.
Ойыншылар 3×3 баскетбол жарысынан қайтып келе жатқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты. Оқиға туралы Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонин хабарлады.
Командамен жетекшілерінің біріне ауруханада ота жасалған. Қалған ойыншылар жеңіл жарақаттар алған. Медициналық көмек берілгеннен кейін спортшылар қонақүйге орналасты.
Жол апатының себептері мен мән-жайын құқық қорғау ұйымдары анықтап жатыр.