Ресейлік блогер Тарасов Алматыдағы Naiza турниріне қатысады
Бөлісу

Фото: Naiza
Ресейлік поп-ММА файтері Артем Тарасов Naiza 85 турнирінде қазақстандық Нұрхан Мубаракпен кездеседі.
Naiza 85 турнирі 19 қыркүйекте Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Тарасовтың қарсыласы промоушендегі дебютін өткізетін қазақстандық файтер Нұрхан Мубарак.
Тарасов кәсіби мансабында 17 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Ал Мубарактың көрсеткіші — 2 жеңіс және 1 жеңіліс. Алдағы жекпе-жек ол үшін Naiza лигасындағы ММА ережесі бойынша алғашқы кездесу болмақ.
Naiza 85 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазіргі чемпион Жансерік Жақсығұлұлы ресейлік Мири Садықовпен кездеседі. Қазақстандық файтер үшін бұл чемпиондық белбеуді алғаш рет қорғау жекпе-жегі болады.