Ресми: Сандро Тонали «Тоттенхэмге» ауысты

Фото: Getty Images
Лондондық «Тоттенхэм» клубы ресми түрде жаңа ойыншысын таныстырды – команданың құрамын Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Сандро Тонали толықтырды.
26 жастағы футболшы ағылшын клубына «Ньюкаслдан» ауысып келді. Трансфер қажетті құжаттар рәсімделіп, жұмыс істеуге рұқсат алынғаннан кейін толық аяқталады.
Италиялық ойыншы бұл шешімді оңай қабылдағанын айтты. Тоналидің сөзінше, басқа клубтардың қызығушылығына қарамастан, ол мансабын дәл «Тоттенхэмде» жалғастырғысы келген. Жартылай қорғаушы бас бапкермен сөйлескеннен кейін өз таңдауының дұрыс екеніне толық көз жеткізгенін атап өтті. Сондай-ақ ол лондондық клуб жанкүйерлерінің ерекше атмосферасын әрдайым жоғары бағалайтынын айтты.
Тонали «Ньюкасл» сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келді. Екі маусымда италиялық хавбек 110 матч өткізіп, он гол соқты. «Сорокалармен» бірге ол 2025 жылы Англия лигасы кубогын жеңіп алып, клубқа жетпіс жылдағы алғашқы ішкі трофейді сыйлады.
Англияға ауысқанға дейін жартылай қорғаушы «Брешиа» мен «Милан» клубтарының намысын қорғады. «Россонери» құрамында ол Италия чемпионы атанды, ал ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, төрт гол соқты.