«Тоттенхэм» Сандро Тоналиді қатарға қосқысы келеді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Ньюкасл» ФК

Фото: «Ньюкасл» ФК

Лондондық «Тоттенхэм Хотспур» клубы «Ньюкасл Юнайтед» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали трансфері бойынша жұмысты жалғастыруда.

BBC мәліметінше, лондондық клуб италиялық футболшы үшін шамамен 80 миллион еуро ұсынған, алайда «Ньюкасл» өздерінің негізгі ойыншыларының бірін сатудан бас тартты.

Тоналиге сондай-ақ, «Манчестер Сити» мен «Арсенал» қызығушылық танытуда. Егер басқа клубтар да таласқа қосылса, «Ньюкасл» одан да жоғары ұсыныстар күте алады.

Еске сала кетейік, Сандро Тонали «Ньюкаслға» «Милан» клубынан 2023 жылдың жазында 56 миллион еуроға ауысты. Ол ағылшын клубы сапында барлығы 110 матч өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.