«Манчестер Юнайтед» пен «Арсенал» «Борнмут» жартылай қорғаушысы үшін таласқа түсті

Фото: «Борнмут» ФК
«Борнмуттың» жартылай қорғаушысы Алекс Скотт мансабын Англияның жетекші клубтарының бірінде жалғастыруы мүмкін. 22 жастағы футболшыға «Манчестер Юнайтед» пен лондондық «Арсенал» қызығушылық танытып отыр.
Daily Mail мәліметінше, «Борнмут» ағылшын ойыншысын 60 миллион еуроға бағалаған. Сонымен қатар клуб Скоттты өз қатарында сақтап қалуға ниетті және оған ұзақ мерзімді жаңа келісімшарт ұсынуды жоспарлап отыр.
«Манчестер Юнайтед» Алекс Скоттты Каземиро кеткеннен кейін ортаңғы шепті күшейтетін негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастыруда.
Ал «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета команданың орталық алаңдағы ойынын техникалық мүмкіндігі жоғары жас футболшымен күшейтуді көздейді.
Өткен маусымда Алекс Скотт «Борнмут» сапында барлық турнирде 39 матч өткізіп, 5 гол соғып, 9 нәтижелі пас авторы атанды.