«Рига» – «Қайрат» матчын қайдан көруге болады?

«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матчында латвиялық «Ригамен» кездеседі.
Ойын 15 қазанда Ригадағы «Сконто» стадионында өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 21:45-те басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Трансляция 21:35-те басталады.
Сондай-ақ матчтың негізгі сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан бақылауға болады.
«Қайрат» еурокубок маусымын Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен бастады. Алматылық клуб Черногорияның «Сутьеска» және Кипрдің «Омония» командаларын жеңгенімен, кейін Болгарияның «Левскиіне» жол берді. Одан соң Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехттен» жеңіліп, Конференция лигасына ауысты.
Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісуын» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды 87-минутта Марк Гуаль соқты. Ал «Рига» Латвия чемпионатындағы соңғы матчында «Тукумс 2000» командасын 2:0 есебімен ұтты.
Еске салайық, Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда «Қайрат» 22 қазанда өз алаңында Грекияның «Панатинаикос» клубын қабылдайды. Сол күні «Рига» сырт алаңда Кипрдің «Пафос» командасымен кездеседі.