Ризабек Айтмұхан U23 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Қазақстандық балуан алғаш рет 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Бұған дейін Ризабек 97 келіге дейінгі салмақта белдескен еді.

Айтмұхан турнирді ширек финалдан бастап, Өзбекстан өкілі Отабек Назирбоевпен күш сынасты. Белдесу қазақстандық спортшының 11:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.

Ризабек Айтмұхан U23 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты – sport-hub