Ризабек Айтмұхан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды.
Қазақстандық балуан 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финалдық белдесуде Айтмұхан қырғызстандық Жаргалан Будажаровты 14:4 есебімен сенімді түрде жеңді.
Азия чемпионатының финалында Ризабек Айтмұхан үндістандық Лакимен кездеседі.
Еске салайық, күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.