Роберт Левандовски күтпеген шешімге келді

Ульяна Калиаскар··
Фото: instagram.com/_rl9

Фото: instagram.com/_rl9

Шабуылшы Роберт Левандовски әлеуметтік желідегі парақшасында «Барселонадан» кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sporthub.kz.

Футболшы командамен бірге өткізген нәтижелі төрт  маусым үшін алғысын білдіріп, былай деп хабарлама қалдырды:

«Мансабымның алғашқы күндерінен бастап жанкүйерлер көрсеткен махаббатты ешқашан ұмытпаймын».

Роберт Левандовски «Барселона» сапына 2022 жылы жазғы трансферлік кезеңде ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде 37 жастағы шабуылшы барлық ресми турнирде 191 матч өткізіп, 119 гол соқты және 24 нәтижелі пас берді. Каталониялық клуб сапында поляк футболшысы үш рет Испания чемпионы атанып, үш рет ел Суперкубогын жеңіп алды және бір мәрте Испания кубогының иегері атанды.