«Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалисі Этчеверри Almaty Open жарысына қатысады

Фото: Corinne Dubreuil/ATP Tour
Аргентиналық теннисші Томас Мартин Этчеверри ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирінде өнер көрсетеді. Жарыс 17–25 қазан аралығында Алматыда өтеді.
Қазақстан теннис федерациясы Этчеверридің алдағы турнирге қатысатынын растады. Аргентиналық спортшы қазан айындағы додаға қатысушылар тізіміне қосылды.
ATP деңгейінде Этчеверри бір титул жеңіп алған. 2026 жылы ол Рио-де-Жанейрода өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Сонымен қатар оның еншісінде «Челленджер» сериясындағы үш титул бар. Теннисшінің «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі ең үздік нәтижесі 2023 жылғы «Ролан Гаррос» додасының ширек финалы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Almaty Open-2026 турниріне Александр Бублик, Даниил Медведев, Карен Хачанов және Лучано Дардери қатысатыны белгілі болған.