Роналду мен Джорджина үйленді: неке келісімшартының талаптары белгілі болды

Фото: Getty Images
Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес қарым-қатынастарын ресми түрде заңдастырды. Салтанатты рәсім 11 тамызда жақындарының қатысуымен өтті. Ал Португалия БАҚ-тары жұптың үйлену тойы мен неке келісімшартына қатысты кейбір мәліметтерді жариялады.
Jornal de Notícias мәліметінше, Роналду мен Родригес Кашкайштегі өз резиденцияларында шаңырақ көтерген. Тойға тек ең жақын адамдары шақырылған. Қонақтардың қатарында футболшының көптен бергі досы Мигел Пайшан, Джорджинаның әпкесі Ивана Родригес, зергер Хосе Родригес Санхиль әйелі Моника Гонсалес Мартинеспен бірге, сондай-ақ жұптың бес баласы болған.
Үйлену тойына дейін Роналду мен Джорджина некедегі қаржылық мәселелерді де реттеп алған. Ерлі-зайыптылар мүлікті бөлек иелену режимін таңдаған. Ал неке келісімшарты рәсімге бір күн қалғанда Лиссабонда жасалған.