Руслан Мадиев Астанадағы IBA Nomad турнирінде жеңіске жетті

Фото: madiyevr / Instagram
Қазақстандық боксшы Руслан Мадиев (18-2-1, 6 КО) Астанада IBA Nomad лигасы ұйымдастырған International Boxing Day турнирі аясында кезекті жекпе-жегін өткізді.
Мадиевтің қарсыласы отандасы, «Стоматолог» лақап атымен танымал Имран Агаев болды. Боксшылар классикалық боксқа тән емес ережелер бойынша жұдырықтасты — жекпе-жек ММА қолғаптарымен өтті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Мадиевке жеңіс берді. Руслан жекпе-жас бойы белсендірек қимылдап, арақашықтықты жақсы бақылап, соққыларымен нысананы жиі дәл тапты. Сонымен қатар Агаев екінші және үшінші раундтарда екі рет нокдаунға түсті.
Бұған дейін Мадиев кәсіпқой рингке соңғы рет 2025 жылдың қазан айында шыққан. Сол кезде қазақстандық боксшы Бангкоктағы бокс кешіне қатысып, сол уақытқа дейін жеңіліп көрмеген намибиялық Абед Шиконгомен (12-1-1, 7 КО) кездесті. Жекпе-жек Русланның төрешілердің бірауызды шешімімен жеңуімен аяқталды.
Айта кетейік, Астанадағы International Boxing Day IBA Nomad турнирінің алғашқы жекпе-жегінде Василий Чеботарь кәсіпқой мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді. Оның қарсыласы Хосе Мигель Боррего болды.