Руслан Юденков ресми түрде «Ертіс» ойыншысы атанды

Фото: «Атырау» ФК
Павлодардың «Ертісі» беларусьтік қорғаушы Руслан Юденковпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.
39 жастағы футболшымен жасалған келісімнің мерзімі мен қаржылық шарттары әзірге жарияланған жоқ.
Руслан Юденков Гомель қаласында дүниеге келген және беларусь футболының түлегі саналады. Кәсіби мансабын Могилевтің «Днепр» клубында бастаған ол кейін «Гомель», «Ведрич-97», «Славия-Мозырь» және «Городея» командаларының намысын қорғады. Беларусь чемпионатында қорғаушы 91 матч өткізіп, 5 гол соққан.
Қазақстандық жанкүйерлерге Юденков «Мақтаарал», «Қайсар», «Тұран» және «Атырау» клубтарындағы өнері арқылы жақсы таныс. Қазақстан Премьер-лигасында ол 107 матчқа қатысып, 9 мәрте мергендік танытқан.
Тәжірибелі қорғаушы соңғы екі маусымда «Атырау» сапында өнер көрсетіп, команданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Осы аралықта 24 матч өткізіп, 3 голдың авторы атанды.
Сондай-ақ Юденков Беларусь ұлттық құрамасы сапында 10 матч өткізген.