Басты бет
·
Теннис

Рыбакина 2026 жылғы титул саны бойынша Соболенко мен Андрееваны басып озды

Дина Хамзина··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда жеңіп алған титулдар мен матчтар саны бойынша әйелдер теннисіндегі көшбасшы атанды. Бұл туралы OptaAce статистикалық порталы хабарлады.

Қазақстандық спортшы Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде топ жарғаннан кейін бірден екі статистикалық көрсеткіште бірінші орынға шықты. Финалда Рыбакина әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Бұл — Рыбакинаның биылғы маусымдағы төртінші титулы. Бұған дейін ол Australian Open және US Open турнирлерінде, сондай-ақ Штутгарттағы WTA 500 жарысында чемпион атанған.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы титул саны бойынша Арина Соболенко мен Мирра Андрееваны басып озды. Беларусь пен Ресей теннисшілерінің еншісінде үш-үштен жүлде бар.

Сонымен қатар Рыбакина 2026 жылғы маусымда жеңген матчтар саны бойынша да көш бастап тұр. Нинбодағы жеңісінен кейін оның еншісінде 53 жеңіс бар. Мирра Андреева мен америкалық Джессика Пегула 50 рет жеңіске жеткен.

Нинбодағы трофей Рыбакинаның кәсіби мансабындағы 15-жүлдесі әрі WTA 500 санатындағы жетінші титулы болды. Қазақстандық теннисші осы уақытқа дейінгі 15 титулының тоғызына хард төсенішінде қол жеткізген.

Айта кетейік, Рыбакина Нинбодағы турнирде екінші жыл қатарынан чемпион атанды. Биылғы финалда ол қарсыласына өз геймдерін алуға мүмкіндік бермей, кездесуді 1 сағат 16 минутта аяқтады.

Рыбакина 2026 жылғы титул саны бойынша Соболенко мен Андрееваны басып озды – sport-hub