Басты бет
·
Теннис

Рыбакина Гауффтан төрт жылдан кейін реванш алып, WTA-1000 турнирінің финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды. Қазақстандық теннисші жартылай финалда америкалық Кори Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Матч барысында Рыбакина бес эйс жасап, бір рет қос қате жіберді. Ал Гауфф үш рет эйс жасап, бес қос қателікке жол берді. Қазақстандық теннисші брейк-пойнттардың үшеуін іске асырса, америкалық спортшы бір брейк жасады.

Сонымен қатар Рыбакина жеңіп алған ұпай саны бойынша да қарсыласынан басым түсті – 83:72. Елена өз добын берген кезде 46 ұпай жинаса, қабылдауда 37 ұпай еншіледі.

Бұл Рыбакинаның Гауффты мансабында алғаш рет жеңуі. Бұған дейін теннисшілер бір-ақ рет, 2022 жылы дәл осы Торонто турнирінде кездескен. Сол кезде америкалық спортшы үш сетте 6:4, 6:7 (8:10), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жеткен еді. Осы жартылай финалға дейін бұл олардың жалғыз кездесуі болды.

Финалда Рыбакина бұған дейін Элина Свитолинаны жеңген Ига Швёнтекпен кездеседі.

Рыбакина Гауффтан төрт жылдан кейін реванш алып, WTA-1000 турнирінің финалына шықты – sport-hub