Елена Рыбакина WTA-1000 турниріндегі Кори Гауффпен жартылай финал алдындағы ойымен бөлісті

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA-1000 турнирінің жартылай финалында америкалық Кори Гауффқа қарсы өтетін матчтан күтер ойын айтты. Кездесу 13 тамызда өтеді.

Қазақстандық теннисші Гауффтың ойын мәнерін жақсы білетінін атап өтті. Турнир барысында теннисшілер бірге жаттыққан. Алайда ресми матчтарда олар осыған дейін бір-ақ рет кездескен.

«Кокомен осы турнирде бірнеше рет бірге жаттықтық, сондықтан бір-бірімізді жақсы білеміз. Ресми матчта бір-ақ рет кездескенбіз. Меніңше, ол да дәл осы жерде, Торонтода болған, бірақ көп жыл бұрын. Маған өз энергиямды көрсету және жақсы доп беру маңызды болады. Қазір ең бастысы – қалпыма келіп, ертеңгі матчқа тың күйде шығу», – деді Рыбакина.

Жартылай финалға дейін Рыбакина төрт матчта жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші австралиялық Дарья Касаткинаны, америкалық Энн Лиді, ресейлік Людмила Самсонованы және жапониялық Наоми Осаканы жеңді. Финалға шығу үшін ол әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. Америкалық теннисші жартылай финалға Белинда Бенчич жамбас жарақатына байланысты матчтан бас тартқаннан кейін ойынсыз өтті.

Айта кетейік, WTA-1000 санатындағы Торонто турнирі 3-14 тамыз аралығында өтеді.

Елена Рыбакина WTA-1000 турниріндегі Кори Гауффпен жартылай финал алдындағы ойымен бөлісті – sport-hub