Рыбакина Торонто турнирінің жартылай финалына шығып, 300 мың долларға жуық табыс тапты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің жартылай финалына шығу арқылы 297 315 доллар көлемінде жүлде қоржынына қосты.

Ширек финалда қазақстандық теннисші әлемнің 13-ракеткасы Наоми Осаканы үш сетте жеңді — 4:6, 7:6 (7:5), 6:4.

Жартылай финалға шығу Рыбакинаға 297 315 доллар және 390 рейтингтік ұпай әкелді.

Рыбакина турнир барысында төрт матчта жеңіске жетті. Ол Дарья Касаткинаны, Энн Лиді, Людмила Самсонованы және Наоми Осаканы ұтты.

Енді финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. Америкалық спортшы ширек финалда Белинда Бенчичтің жарақатына байланысты матч өткізбей-ақ жартылай финалға өтті.

Торонто WTA-1000 турнирінің жалпы жүлде қоры — 7 433 076 доллар. Турнир жеңімпазы 1 085 220 доллар және 1000 рейтингтік ұпай алады.