Гауфф Торонто турнирінің жартылай финалына ойнамай-ақ шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауфф Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Америкалық теннисші швейцариялық Белинда Бенчичтің турнирден бас тартуына байланысты келесі кезеңге ойнамай-ақ өтті.

Гауфф пен әлемнің 14-ракеткасы Бенчич арасындағы матч жартылай финалдың соңғы қатысушысын анықтауы тиіс еді. Алайда швейцариялық теннисші кортқа шыға алмады. WTA мәліметінше, 29 жастағы спортшы жамбасынан алған жарақатына байланысты турнирден бас тартқан.

Осылайша, Гауфф ширек финалда қарсыласымен ойнамай, жартылай финалға жолдама алды. Бұған дейін америкалық теннисші турнирде үш матч өткізіп, отандасы Кайла Дэйді, грекиялық Мария Саккариді және ресейлік Алина Корнееваны жеңген.

Финалға шығу үшін америкалық теннисші әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі. Қазақстандық теннисші бұған дейін жапониялық Наоми Осаканы үш сетте жеңіп, жартылай финалға шыққан.