Рыбакина Осаканы үш сетте жеңіп, жартылай финалға шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық Елена Рыбакина, әлемнің екінші ракеткасы, Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда жапониялық Наоми Осаканы жеңді.

Рыбакина әлемнің 13-ракеткасын үш сетте 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 33 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық теннисші 15 эйс жасап, алты рет қос қателік жіберді және жеті брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Осака үш эйс жасап, алты қос қателік жіберді және брейк жасауға берілген алты мүмкіндіктің үшеуін жүзеге асырды.

Рыбакина матчта 111 ұпай, ал Осака 107 ұпай жинады. Қазақстандық теннисші өз добын бергенде 68 ұпай, қабылдау кезінде 43 ұпай алды. Сондай-ақ Рыбакина 17 гейм жеңіп, Осака 16 геймде жеңіске жетті.

Жартылай финалда Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. Америкалық теннисшінің ширек финалдағы қарсыласы Белинда Бенчич жамбас жарақатына байланысты матчқа қатыспады.

Торонтодағы WTA 1000 санатындағы турнир 3-14 тамыз аралығында өтеді.