Осака Рыбакинамен өтетін матч туралы пікір білдірді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Жапониялық теннисші Наоми Осака Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакинамен болатын кездесу туралы ойын айтты.

Ширек финалға шыққаннан кейін Осака Рыбакинаның мықты тұстарын атап өтті.

«Рыбакина керемет теннисші. Биыл біз Австралияда және “Ролан Гарроста” бірге екі рет жаттықтық. Өте жақсы жаттығулар болды, сондықтан біздің матчты асыға күтіп жүрмін. Оның добы өте мықты, агрессивті ойнайды. Әрқашан үздік теннисшілермен кездескен қызық», – деді Осака баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, 1/8 финалда Рыбакина ресейлік Людмила Самсонованы үш сетте жеңді (6:4, 4:6, 6:4), ал Осака канадалық Лейла Фернандестен басым түсті (6:4, 6:4). Ойын 11 тамыз күні өтеді және Астана уақытымен 19:00-де басталады.