Рыбакинаның Торонто турниріндегі ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Жапониялық теннисші Наоми Осака (WTA 13) Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Төртінші айналымда Осака канадалық Лейла Фернандесті (WTA 31) екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Матч барысында жапониялық теннисші алты эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Фернандес бір эйс орындап, бір қос қателікке жол берді әрі үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.

Жартылай финалға шығу үшін Осака әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинамен ойнайды. Рыбакина бұған дейін ресейлік Людмила Самсонованы (WTA 43) жеңген болатын. Кездесу 11 тамыз күні Астана уақытымен 19:00-де өтеді.