Рыбакина Осаканы жеңгені туралы: «Мен тек күресуге тырыстым»

Фото: Jimmie48
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жапониялық Наоми Осаканы жеңгеннен кейін өз пікірімен бөлісті.
Рыбакина үш сетте — 4:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесуден кейін қазақстандық теннисші есеп қандай болса да, матч бойы күресуді жалғастыруға тырысқанын айтты.
«Мен тек күресуге тырыстым. Матчтағы алғашқы гейм өте қиын болды, өйткені сол геймнен кейін сеттен айырылдым. Екінші сетте есепте қалып қойсам да, айырмашылықты қысқартуға тырыстым. Бұл матчта жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын.
Турда осынша жыл ойнап жүргенде кейбір қарсыластармен әлі кездеспеген кездер болады. Наоми керемет чемпион. Бұл матчтың қиын болатынын білдім. Біз онымен бірнеше рет бірге жаттықтық. Оның соққылары өте ауыр. Бүгінгі ойында доп беру өте маңызды болды. Бәрінің осылай болғанына қуаныштымын», — деді Рыбакина корттағы сұхбатында.
Финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы Кори Гауффпен кездеседі. Америкалық теннисші ширек финалда ойнамай-ақ келесі кезеңге өтті. Оның қарсыласы Белинда Бенчич жамбас жарақатына байланысты турнирден бас тартқан.
Айта кетейік, Торонтодағы WTA 1000 санатындағы турнир 3-14 тамыз аралығында өтеді.