Рыбакина мен Путинцеваның уимболдондағы қарсыластары анықталды

Фото: Jimmie48
Әйелдер арасындағы Уимблдон турнирінің жеребесі өтіп, оның қорытындысы бойынша қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Елена Рыбакинаның алғашқы айналымдағы қарсыластары белгілі болды.
Юлия Путинцева турнирді Германия өкілі Татьяна Мариямен (WTA 112) бастайды. Егер қазақстандық спортшы жеңіске жетсе, екінші айналымда Румыниялық Жаклин Кристиан (WTA 38) мен АҚШ өкілі Ива Йович (WTA 17) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Елена Рыбакина турнирде екінші нөмірмен тіркелген және алғашқы айналымда Франция өкілі Луис Буассонмен (WTA 154) ойнайды. Екінші айналымдағы ықтимал қарсыласы Румыниялық Елена-Габриэла Русе (WTA 105) мен америкалық Кэтрин Макнелли (WTA 50) арасындағы кездесудің жеңімпазы.
Уимблдон 29 маусым мен 12 шілде аралығында Барлық Англия лаун-теннис және крокет клубында (Лондон) ашық шөп жабынындағы корттарда өтеді.