Рыбакина Осаканы жеңіп, үздіктер қатарына енді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осаканы (WTA рейтингінде 13-орын) жеңіп, мансабында алғаш рет US Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты.

Матч 1 сағат 6 минутқа созылып, Рыбакинаның 6:1, 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

«Шынымды айтсам, мұны күтпедім. Бүгін мен шынымен жақсы ойнадым және допты керемет сезіндім. Кейбір сәттерде жолым болып, доптар сызыққа түсті. Наоми — қиын қарсылас. Есеп қандай болса да, әр допқа барынша назар аударуым керек екенін білдім, өйткені жағдай тез өзгеруі мүмкін. Ол да өте агрессивті ойнайды. Сондықтан матчты қалай өткізгеніме көңілім толады», — деп Рыбакинаның сөзін US Open ресми сайты келтіреді.

Жартылай финалға шығу үшін Рыбакина Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен (WTA рейтингінде 121-орын) кездеседі. Қазақстандық теннисші өзара кездесулерде 4:1 есебімен алда келеді. Олар «Үлкен дулыға» турнирлерінде бір рет — 2022 жылғы Уимблдонда кездескен. Ол матчта Рыбакина жеңіске жеткен.

Айта кетейік, US Open-2026 турнирінің жартылай финалына шығу Рыбакинаға мансабында алғаш рет WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілуге кепілдік береді.