Рыбакина Қазақстан құрамасына Билли Джин Кинг кубогында көмектесе алмайды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының матчтарына қатыспайды. Теннисші медициналық тексеруден өтеді.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рыбакинаның Ахилл сіңірі жарақаттанған.

Теннисші бұл жарақатты Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінде алған. Ол ширек финалдық кездесуден бас тартқан еді. Аяғындағы мәселелер Рыбакинаны 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында да мазалаған. Соған байланысты қазақстандық теннисші кей матчтарға ауырсынуды басатын дәрі қабылдап шыққан.

Рыбакина Қазақстанға оралып, медициналық тексеруден өтеді. Бапкерлер штабының бағалауынша, емделу және қалпына келу үдерісі кемінде екі аптаға созылады. Осыдан кейін әлемнің бірінші ракеткасы толыққанды жаттығуға қайта кірісе алады.

Еске салайық, Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі 22-27 қыркүйек аралығында Шэньчжэнь қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы 23 қыркүйекте ширек финалда Испаниямен кездеседі.