Рыбакина Қытайдағы WTA 1000 турнирінің екінші кезеңіндегі қарсыласын білді

Фото: Jimmie48
Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші кезеңіндегі қарсыласын білді.
Қазақстандық теннисшімен келесі кезеңде кездесуге армениялық Алина Чараева мен украиналық Юлия Стародубцева таласты. Олардың матчы Чараеваның жеңісімен аяқталды – 5:7, 7:5, 6:2.
Осылайша, Рыбакинаның келесі қарсыласы Алина Чараева атанды. Бұл теннисшілердің мансабындағы алғашқы өзара кездесуі болмақ.
24 жастағы Чараева үшін биылғы маусым әлемдік рейтингтегі прогресімен де ерекшеленді. Қазіргі таңда спортшы 118-орында тұр. Бұл – оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.
Рыбакина – Чараева матчы жұма, 2 қазанда өтеді. Кездесу Астана уақытымен шамамен сағат 08:00-де басталады деп жоспарланған. Жеңімпаз WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне шығады.