Рыбакина Торонто турнирінің екінші айналымында Касаткинамен кездеседі

Фото: Jimmie48
Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі екінші айналымдағы қарсыласы анықталды. Қазақстандық теннисші Дарья Касаткинамен ойнайды.
Бірінші айналымда әлемдік рейтингте 68-орында тұрған австралиялық теннисші Дарья Касаткина қытайлық Ван Синьюйді (WTA рейтингінде 39-орын) жеңді. Кездесу барысында Касаткина алғашқы партияда 1:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін жағдайды өзгертіп, 7:6 (7:5), 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Матч 2 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт аралығында Касаткина 17 мүмкіндік ішінен сегіз рет брейк жасап, тоғыз рет қос қате жіберді.
Турнирдің екінші айналымында австралиялық теннисші Елена Рыбакинамен кездеседі. Қазақстандық спортшы жарысты бірден екінші кезеңнен бастайды. Кездесу 6 тамыз күні өтеді.