Рыбакина Торонто турнирінің финалына шыққаннан кейін өз ойынына баға берді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалында америкалық Кори Гауффты жеңгеннен кейін пікір білдірді.

Кездесу екі сағаттан сәл астам уақытқа созылып, Рыбакинаның 5:7, 6:2, 6:2 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

«Кортта көп сағат өткізген сияқтымын, сондықтан кейбір соққылар өздігінен ракеткадан ұшып кететіндей. Бұған қоса, маңызды сәттерде допты қабылдау кезінде сызыққа тиген соққыларымнан сәл жолым болды. Мен тек күресуге тырыстым. Маған қолдау көрсету үшін түнге дейін қалған жанкүйерлерге рақмет. Кокомен алғашқы кездесуіміз де қиын өткен еді.

Тіпті жаттығулардың өзінде тартысымыз тең болады. Мен тек ойынға назар аударуға тырыстым. Менің добым да көмектесті, әсіресе матчтың соңында. Бірінші сетте екеуіміз де жақсы ойнадық, кейін мен сәл асығып кеттім. Қайтадан жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Командаммен бірге тамаша дайындық өткіздік деп ойлаймын. Ертеңгі нәтиже қандай болса да, тек ойыннан ләззат алуға тырысамын. Ойынымды жалғастырып, барымды саламын. Барлық турнирлерде алысқа баруға үміттенемін», – деді теннисші.

Финалда Рыбакина жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 2:6, 6:4 есебімен жеңген польшалық Ига Швёнтекпен кездеседі.