Рыбакина Цинциннатидегі алғашқы жеңісінен кейін: «Аман қалғаныма қуаныштымын»

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина америкалық Тейлор Таунсендті жеңгеннен кейінгі жағдайын айтып, WTA-1000 санатындағы Цинциннати турниріндегі келесі матчқа қатысты ойымен бөлісті.

Магдалена да оңай қарсылас емес. Бірақ мен үшін ең маңыздысы – өз ойыныма назар аударып, мүмкіндігінше жақсы қалпына келіп, алаңға жеткілікті күш-қуатпен және жақсы подачамен шығу. Жақсы матч болады деп үміттенемін», – деді Рыбакина матчтан кейін кортта.

Айта кетейік, Торонтодағы турнир барысында Рыбакина Дарья Касаткина, Людмила Самсонова, Наоми Осака және Кори Гауффқа қарсы төрт үш сеттен тұратын матч өткізді. Финалда қазақстандық теннисші Ига Швентекке 2:6, 3:6 есебімен жол берді.

Цинциннати турнирінің үшінші айналымында Рыбакина WTA рейтингінде 41-орында тұрған Магдалена Фрешпен кездеседі. Бұған дейін теннисшілер үш рет кездесіп, оның барлығында қазақстандық спортшы жеңіске жеткен.

Осы матчтың жеңімпазы 1/8 финалда Диана Шнайдер – Майя Хвалиньска кездесуінің үздігімен ойнайды.