Рыбакина Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінің 1/8 финалына шықты

Али Асетов··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.

Үшінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте 41-орында тұрған польшалық Магдалена Френхпен кездесті. Рыбакина үшін матч оңай болған жоқ, дегенмен ол қарсыласын 6:4, 7:6 есебімен жеңді.

Цинциннати, АҚШ. Әйелдер, 1/16 финал:

Рыбакина — Френх — 6:4, 7:6

Кездесу ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше рет тоқтатылды. Үзілістерге қарамастан, Рыбакина өз концентрациясын сақтап, матчты жеңіспен аяқтады.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші Диана Шнайдер мен Мая Хвалиньска арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Рыбакинаның келесі қарсыласы кейін анықталды.

Цинциннатидегі турнирде Рыбакина екінші нөмірлі спортшы ретінде бақ сынап жатыр. Сонымен қатар қазақстандық теннисші былтырғы жарыста жартылай финалға шыққаны үшін алған рейтингілік ұпайларын қорғап жатыр.

Цинциннатидегі сәтті өнер Рыбакина үшін ерекше маңызды болуы мүмкін. Егер турнирді жоғары нәтижемен аяқтаса, қазақстандық теннисші WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға таласу мүмкіндігін сақтап қалады.

Еске сала кетейік, Рыбакина турнирдегі алғашқы кездесуінде америкалық Тейлор Таунсендті жеңіп, үшінші айналымға жолдама алған болатын.

Рыбакина Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінің 1/8 финалына шықты – sport-hub