Рыбакина үш сетте Қасаткинаны жеңіп, Торонто турнирінің үшінші айналымына шықты

Аружан Талгат··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Елена Рыбакина Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирде сәтті бастама жасады. Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы, үш сетке созылған тартысты матчта Аустралия атынан өнер көрсететін Дарья Қасаткинаны жеңіп, жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.

Кездесу жанкүйерлер күткен деңгейде өтті. Екі теннисші де жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, матч тағдыры тек шешуші сетте анықталды.

WTA 1000. Торонто (Канада). Екінші айналым

Елена Рыбакина (Қазақстан, 2) – Дарья Қасаткина (Аустралия, 61) – 6:3, 5:7, 6:4

Рыбакина матчты белсенді бастап, алғашқы сеттен-ақ бастаманы өз қолына алды. Қуатты подачи мен артқы сызықтағы сенімді ойынының арқасында ол ұпай алмасуларды бақылап, сетті қиындықсыз 6:3 есебімен жеңді.

Екінші сетте Қасаткина ойынын күшейтті. Аустралиялық теннисші розыгрыштарды ұзартып, Рыбакинаны қателесуге мәжбүр етті. Сет соңында өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, есепті теңестірді – 7:5.

Шешуші партияда қайтадан қазақстандық теннисші басымдық танытты. Рыбакина маңызды сәттерде жинақы ойнап, қарсыласына матч барысын өзгертуге мүмкіндік берген жоқ. Қорытынды есеп – 6:4, және үш сеттен кейінгі лайықты жеңіс.

Бұл жеңіс әлемнің екінші ракеткасына маусымдағы ең беделді турнирлердің бірінде үшінші айналымға шығуға мүмкіндік берді. Торонто жарысы Рыбакина үшін ерекше маңызға ие, өйткені бұл – US Open алдындағы маңызды дайындық кезеңдерінің бірі әрі рейтингтік ұпайлар мен қомақты жүлде қоры сарапқа салынады.

Турнирдің қазіргі чемпионы – канадалық теннисші Виктория Мбоко (WTA рейтингінде 12-орын). Ал басты фавориттердің бірі ретінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко аталады. Дегенмен Рыбакина да ірі турнирлердегі тұрақты нәтижелерінің арқасында негізгі үміткерлер қатарында.