Рыбакина WTA-ның жаңартылған рейтингінде екінші орнын сақтап қалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Көш басында беларусьтік Арина Соболенко қалды. Екінші орынды қазақстандық Елена Рыбакина иеленсе, үшінші сатыда польшалық Ига Швёнтек тұр. Төртінші орында америкалық Джессика Пегула, ал үздік бестікті ресейлік Мирра Андреева түйіндейді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бір сатыға көтеріліп, енді 84-орынды иеленіп отыр.

Басқа қазақстандық теннисшілерге келсек, Жібек Құламбаева жеті орынға төмендеп, 457-орынға түсті. Аружан Сағандықова төрт сатыға көтеріліп, 664-орынға жайғасты. Соня Жиенбаева төрт орынға төмендеп, 755-орында тұр. Асылжан Арыстанбекова сегіз сатыға төмендеп, 933-орынды иеленді.

Айта кетейік, 30 маусымда әйелдер арасындағы Уимблдон турнирі басталады. Юлия Путинцева алғашқы айналымда германиялық Татьяна Мариямен кездеседі, ал Елена Рыбакина франциялық Луис Буассонға қарсы ойнайды.