Рыбакина жарақатына байланысты Цинциннатиде Швёнтекке қарсы матчты аяқтай алмады

Фото: Jimmie48
Қазақстандық Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалында польшалық Ига Швёнтекке қарсы кездесуді жарақатына байланысты аяқтай алмады.
Матч 28 минуттан кейін Швёнтектің пайдасына 4:1 есебімен тоқтатылды. Рыбакина сол аяғының ауырғанын сезінген соң, кортқа физиотерапевт шақырылды. Әлемнің екінші ракеткасы ойынды жалғастырып көруге тырысқанымен, келесі добын бергеннен кейін кездесуді жалғастырмау туралы шешім қабылдады.
Жартылай финалда Швёнтек әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен кездеседі. Америкалық теннисші ширек финалда Аманда Анисимованы 6:4, 2:6, 7:6 есебімен жеңді.
Швёнтек пен Пегула бұған дейін 12 рет кездескен. Өзара матчтарда польшалық теннисші 7:5 есебімен алда келеді. Соңғы кездесу 2026 жылғы Рим турнирінің ширек финалында өтіп, Швёнтек 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жеткен.